Басты ақпаратЖаңалықтар

ЫРЫСТЫ ШАҺАРДЫҢ ЫНТЫМАҚ ТОЙЫ



Бүгін Астананың әр түкпірінде Қазақстан халқының бірлігі күні қызу тойланып жатыр. Ең үлкен мерекелік шара қаланың қақ төріне қоныс тепкен «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда өтуде. Оған Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев та қатысты.

KBB_8148
ФОТО: Василий КРАСЬ
ФОТО: Сұлтан СЕЙІТ

Жиналған жұртшылық көрігі қызған думанды тамашалап мәз-мейрам. Елордадағы этномәдени орталықтар жеке бұрыштарын жасап, салт-дәстүрлеріне қатысты заттарды көрмеге шығарыпты. Аралап жүріп, айыр қалпақты ағайындарымыз ұсынған жәдігерлердің жанына аялдадық.

????????????????????????????????????
ФОТО: Сұлтан СЕЙІТ

Қырғыз этномәдени бірлестігінің мүшесі Жаңылмырза Тәліпбайқызының айтуынша, мұнда олардың қомуз музыкалық аспабы және койнок, элечек, кементай секілді киімдері бар екен. Сөреден «Манас» жырын да көзіміз шалды.

????????????????????????????????????
ФОТО: Сұлтан СЕЙІТ

Ал «Лад» республикалық славян қозғалысының өкілі Василий Ильцов бізге орыстың танымал кәдесыйына айналған матрешканың тарихын түсіндіріп берді. «Бұл ойыншық 1890 жылдары пайда болған. Оның алғашқы нұсқасы Хонсю аралынан әкелінген» деді ақсары жігіт. Қызылды-жасылды ағаш қуыршақтарға көпшіліктің де ықыласы ерекше секілді.

ФОТО: Сұлтан СЕЙІТ

Бұдан соң, Тәуелсіздік сарайының алдына тігілген аппақ шатырдың келесі беткейіне барып, түрлі ұлттың тағамдарынан дәм таттық. Корейлердің кимбабынан, дүнгендердің сыпанынан, армяндардың аганцынан ауыз тиіп, аспаздарының әңгімесін тыңдадық.

 

Дүбірлі той қалалық алаңда, «Бәйтерек» түбінде, Студенттер саябағында жалғасуда.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button