Жаңалықтар

Заңнама нормаларын кеңінен түсіндіру қажет



Астанада  Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың қазіргі таңдағы негізгі басымдықтары мен басты міндеттері туралы жиын болып өтті.

Басқосуға өңірлік дін істері басқармалары мен дін проблемаларын зерттеу орталықтарының басшылары қатысты.

Нұрлан Ермекбаев өз баяндамасында халық арасында ақпарттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыру қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі болып табылатынына назар аударды.

Социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша сауалнамаға жауап берушілердің 30% жергілікті жерде жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру, әсіресе жастар арсындағы жұмыстардың тиімділігін жеткіліксіз деп бағалады.

Сондықтан мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды нығайту, мемлекеттің зайырлы қағидаттарын жылжыту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың және азаматтық қоғам институттарының бірлескен күш-жігерін шоғырландыру қажет.

Сонымен қатар, халықтың мақсатты тобы арасында Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелерін және қолданыстағы заңнаманың нормаларын кеңінен түсіндіру қажет.

Сондай-ақ, министр алдын алу және атаулы жұмыстарды ұйымдастыру барысында келісілген және біріздендірілген тәсілдерді әзірлеуді тапсырды.

Жастардың ұйымдаспаған тобы арасында алдын алу  жұмыстарын күшейту, өткізіліп жатқан іс-шараларға жастардың қызығушылықтарын арттыру, олармен жұмыс істеу барысында инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану қажет.

Отырыс аясында Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары дін істері басқармалары басшыларының есептік ақпараты тыңдалды.

Нәтижелі пікір алмасулар болып, жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарының сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Бір пікір

  1. Дін саласындағы түсіндіру жұмыстары өте қажет нəрсе. Себебі, дін саласы өте нəзік мəселелерге толы. Жастарымыздың болашағы, еліміздің еліміздің ертеңі үшін қажетті іс-шаралар.

Пікір үстеу

Back to top button