Елорда тынысы

Затаевичке мурал арналды



Астанада қазақ музыка өнерін насихаттауға үлес қосқан Александр Затаевичке арналған мурал ашылды.

Польша Республикасы премьер-министрінің кеңсесімен бірлесіп елорданың Қазақстан халқы ассамблеясының «Polacy» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырылған іс-шара Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтті.

– 2024 жылдың 20 наурызында Александр Затаевичтің туғанына 155 жыл толады. Ол «Қазақ халқының 1000 әні» жинағын жинап, ұлттық өнерді насихаттауға үлес қосты. 2300 қазақ әні мен күйін жинап, тіркеді. Бұл еңбегі қазақ музыкасының антологиясына айналды, – деді жоба жетекшісі Елена Роговская.

«Polacy» ҚБ жобаларының жетекшісі Юлия Спиридонова этнограф, композитор Александр Затаевич Қазақстанның кәсіби фортепиано музыкасы авторларының бірі екенін айтты.

«Көктемде біз белгілі поляктардың ізімен экскурсия ұйымдастырып, Қазақстан топырағында болған поляк азаматтарының жергілікті мәдениет пен өнерге қосқан үлесін қозғаймыз. Бұл Польша мен Қазақстан арасындағы тығыз байланыстарды нығайтуға ықпал етеді» деді «Polacy» қоғамдық бірлестігінің поляк жексенбілік мектебінің оқытушысы Агнешка Ермолович.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button