Ел тынысы

Жаңа кітап жарыққа шығады



Жақында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Штрихи к портрету» деректі фильміне берген сұхбатына негізделіп жазылған жаңа кітап жарыққа шығады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді. «Алдағы күндері Елбасының «Штрихи к портрету» деректі фильміне берген сұхбаты негізінде кітап жарыққа шығады. Кітапқа жобаның телевизиялық нұсқасында көрсетілмеген материалдар енгізілген» деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

[smartslider3 slider=1589]

Кітаптың авторы – Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған журналист Айгүл Әділова. «Штрихи к портрету» –  Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қыз­метіне арналған көп бөлімді деректі фильм. Фильм Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде түсірілген. Бірінші бөлім 1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні көрермен назарына ұсынылды.

«Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы қызметін атқарған кезде әлемнің 75 еліне ресми сапармен барып, шетел президенттерімен және үкімет басшыларымен 1500-ден аса кездесулер өткізген. Телевизиялық сұхбатқа енгізілмей қалған әңгіменің біразы осы кітапта айтылады. Сұхбатта Нұрсұлтан Назарбаев үлкен сая­саттың шымылдығының арғы жағындағы құпиялармен бөлісіп, тәуелсіз елді қалыптастыру жолындағы мәселелерді ашық әңгімелейді. «Штрихи к портрету» жақында «Меломан» дүкендер желісінде сатыла бастайды. Тәуелсіз елдің тарихын тереңірек танып-білгісі келетін әр қазақстандықтың үйінде осы кітап болуға тиіс деп ойлаймын» деп жазды Айгүл Әділова кітап туралы.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button