Қала мен Сала

Жаңа орталық ашылды



Астанадағы Керей-Жәнібек хандар, 4 мекенжайында жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы бой көтерді. Осылайша, елордада алғаш рет дайын құжаттарды беру үшін қанатқақты жоба – постаматтар іске қосылды.

Жаңа орталықтың ашылу салтанатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин қатысты.

Мемлекеттік корпорация цифрлық кеңселердің инфрақұрылымын жыл са­йын жақсартуда. Жаңа ХҚКО Kaizen Standart қағидатына негізделген. Kaizen сапаны, технологияларды, процестерді, корпоративтік мәдениетті, еңбек өнімділігін және компания қызметінің басқа да аспектілерін үздіксіз жақсартуды қамтиды. Жетілдіру процесіне директордан бастап қарапайым қызметкерге дейін қатысады.

Балалармен келген тұрғындардың қолайлығы үшін жаңа ХҚКО ғимаратында ана мен балаға арналған бөлме және ойын алаңы бар. Жаңадан ашылған цифрлық кеңсе бірнеше секторға бөлінген. Осыған орай, жылдамдық аймағында мемлекеттік қызметті 10 минут ішінде алуға болады. Ену аймағында тұрғындар оператордың көмегінсіз өзіне қажетті кез келген құжатты eGov mobile қосымшасы арқылы ала алады.

Бұл орталықта 24/7 сағат бойы жұмыс істейтін постаматтар орнатылған. Азаматтар жұмыстан кейін кез келген уақытта құрылғыдан дайын құжаттарды ала алады. Қанатқақты жоба болашақта барлық өңірде іске қосылуы жоспарлануда.

Сонымен қатар жаңа орталықта «ХҚКО» мобильдік қосымшасы арқылы бейнеқо­ңырау бойынша мемлекеттік қызметтерді алуға арналған кабиналар орнатылған. Сондай-ақ тұрғындар осы қосымша арқылы кезекке тұрып, өз кезегін бақылай алады.

Бұдан бөлек, ХҚКО-да әлеуметтік блок пен жер кадастры қызметтерін алуға арналған бөлім, сондай-ақ, азаматтар бейнеқоңырау арқылы кеңес ала алатын аймақтар бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа орталықта пандус және қызмет көрсетуге арналған жеке сектор қарастырылған.

Сонымен қатар егер ­клиенттерге ұялы телефонды қуаттандыру қажет болса, онда байланыс аймағында смартфондарды қуаттандыруға арналған бірнеше құрылғы орнатылған.

Жаңа ғимараттың ауданы алдыңғыға қарағанда екі есе үлкен. Мұнда 32 оператор жұмыс істейді. Жаңа цифрлық кеңсеге күніне 1000-ға жуық қызмет алушы келеді деп күтілуде.


Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button