Жаңа қаулыда не жаңалық?
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыда қайта екпе салдыру туралы айтылған.
Е.Қиясов жекелеген жағдайларда Қазақстан аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізу туралы айтты.
Қаулыда жазылғандай, Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық деңгейде қорғау мақсатында шетелге шығатын адамдарға; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге және үкіметаралық келісімдер/шарттар, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберілетін адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізім бойынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде қайта екпе салынады.
Сондай-ақ шетелдік оқу орындарына өз бетінше түскен және үкіметаралық келісімдер немесе академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын студенттерге және Work&Travel бағдарламасы бойынша баруды жоспарлаған студенттерге және олардың отбасы мүшелеріне Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізім бойынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу қажеттілігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде шетелде емдеуге жіберілетін науқастарға, сондай-ақ оларды емдеу үшін алып жүретін адамдарға да қайтадан вакцина салу міндеттеледі.