ЖаңалықтарҚала мен СалаҚоғам

ЖАҢА ТӘСІЛ ЖҰМЫСТЫ ЖЕҢІЛДЕТТІ



Астанада өткен дүйсенбіден бастап Бас прокуратура және ҚР ІІМ қала әкімдігінің қолдауымен «Электронды хаттама» жобасы жұмысын бастаған болатын.

Жаңа жобаның негізінде елордалық полицейлер бір тәулік ішінде планшет арқылы 100-ден аса айыппұл рәсімдеп үлгерді. Жаңа технологиялардың көмегімен әдеттегі бұзушылықты тіркеу уақытын 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің жағдаяттар орталығы. Енді жол-патруль қызметі өкілдері гаджетке жүргізушінің ИИН нөмірін енгізе салысымен бұзушылық жасаған азамат жөнінде ақпарат пайда болады. Жаңашыл әдісті енгізудің бірінші күні елордалық полицейлер планшет арқылы 117 бұзушылық рәсімдеген.«Рәсім тез жасалады, уақыт үнемдейміз. Бұзушылық жасаған азаматты тіркеу үшін небары 3-5 минут кетеді. Кейбір жүргізушілер бұл жүйеге таңқалып та жатыр» деді жергілікті полиция қызметінің  қызметкері Самат Сәбит.

Айгүл УАЙСОВА 




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button