Қала мен Сала

Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік мерекесінен соң басталады



Елордада желтоқсандағы мерекелерге орай қаланы безендіру тәртібі бекітілді. Соған сәйкес, Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнін мерекелегеннен кейін басталады. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Мемлекеттік және ұлттық мерекелер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және Жаңа жылды елорданың аумағында мерекелеу аясында қаланы безендіру туралы Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасын орындау мақсатында жұмыс жүргізілуде.
Ал еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған безендіру жұмыстары 12 желтоқсанда басталады. Атаулы мереке кезінде Астананы 1280 жалау, 2 жалауша панносы, 64 саябақ элементі және жарық аспанның 1 жиынтығы сәндейді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Отан қорғаушылар монументіндегі субұрқақтардың орнына ­жарық диодты инсталляциялар орнатылады.
Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнін мерекелегеннен соң ғана, яғни 18 желтоқсанда басталады. Ол мақсатта шаһарда 25 жаңа жылдық шырша, 12 хоккей алаңы, 15 мұз айдыны, 10 мұз төмпешігі, 2 мұз қала­шығы («Astana ЕХPO-2017» ұлттық компаниясы» АҚ ау­­-
мағында және Астана қа­­лалық әкімдігі ғимараты ал­­дындағы алаңда) бой көте­реді. Бұған қоса, 2 жарық панносы, 18 жарық иллюми­нациясы, 52 жарық иллюминациялық аркасы, 830 панель-кронштейн, 106 КСП, 5 көпір мен көлік жолайрығы орнатылатын болады. 3300 шағын және орта бизнес нысандарының қасбеті, 255 ағаш, 3 қала саябағы мен 1 гүлзар безендіріледі.
Елорда әкімі аудан әкімдері мен Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына шағын және орта бизнес өкілдеріне қаланы мерекелік безендіруге қатысты бекітілген жоспарын ұстану туралу түсіндірме жұмыс­тарын жүргізуге тапсырма жүктеді. Яғни, Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнін атап өткеннен соң ғана басталады.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button