ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Үздік ұйымдар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы елордадағы бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарын қорытындылап, олардың арасынан үздік атанғандарды марапаттады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдемі дәстүрге айналған байқаудың мақсаты – шаһардағы бастауыш партия ұйымдарының арасынан суырылып шыққандарды анықтап, олардың жұмысын республиканың басқа өңірлеріне дәріптеп, тәжірибелерімен бөлісу.
Алдымен сахнаға көте­рілген «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев жиналғандарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, бір топ азаматтарға партияның жаңа мүшелік билеттерін тапсырды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, кәсіпкер Данияр Тұңғышбаев және тағы басқа азаматтар болды.
Байқау үш түрлі санат бо­йынша өткізілді. 1-санаттағы бастауыш ұйымдарға партия мүшелерінің саны 100-ге дейін ұйымдар жатады. Осы аталымдағы бірінші орынды елордадағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің «Шарапат» бастауыш партия ұйымы жеңіп алды. Партия мүшелерінің саны 100-ден 500-ге дейін ұйымдар арасында «Қазақтелеком» АҚ озат деп танылды. Ал мүшелерінің саны 500-ден жоғары ұйымдар ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі алға шықты. Жеңімпаздардың бәрі бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шара барысында елге танымал әншілер өз өнерлерін көрсетіп, қатысушыларды көркем күйге бөледі.

Азамат Есенжол

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button