Жаңалықтар

ЖАНКҮЙЕРЛЕР, ҚАЙДАСЫҢДАР?



– «Астана» клубының жанкүйерлері, сіздерді екпе алуға шақырамын. Өзім жанкүйер ретінде ойынды стадионнан көргім келеді. Футболдың әдемі сәттерін трибунада отырып тамашалағанның әсері бөлек. Елордалықтар мен қала қонақтарының тезірек вакцина салдырғанын қалаймын. Осылай ғана біз пандемияны жеңеміз, – деді «Астана» ФК жанкүйері Талғат Құсайынов.

 

Жергілікті клубтың тағы бір жанкүйері Жамбыл Молдашбаев жақында басталатын футбол матчтарының жан­күйерсіз өткенін қаламайтынын жеткізді:
– Ол үшін барлығымыз екпе алуымыз керек. Сонда ғана футбол жанкүйерлері қайтадан трибунадан тамашалай алады.

«Барыс» клубының жанкүйерлері де хоккей лигасының матчтарын трибунадан отырып тамашалайтын күндерді асыға күтуде.

Әне-міне дегенше ­Қазақстан хоккей лигасының матчтары басталып та кетті. Ал біз әзірге өзіміздің сүйікті командамыз – «Барыс­тың» ойынын теледидардан көруге мәжбүрміз. Пандемия­ны жеңудің жалғыз жолы жаппай вакцина салдыру екенін көпшіліктің есіне қайта салғым келеді, – дейді хоккей жанкүйері Мэлс Әділбек.

Расында, өз командаларының ойындарын алаңнан көру ләззатын сезінуге асық жанкүйерлердің бұл үндеуіне құлақ түруге болады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button