Елорда тынысы

«Жанұя» орталығынан көмек көп



Биыл «Жанұя» орталығына 10 мыңнан астам адам жүгінген. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы директорының орынбасары Құралай Жанұзақова өткізген брифингте айтылды.

Орталықта құқықтық, психологиялық көмек, АӘК сұрақтары бойынша, денсау­лық сақтау, білім беру салалары, тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Мұнда көпбалалы, толық емес, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбие­леп отырған отбасыларға, отбасы институтын нығайту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша консультациялық қызметтер кешені көрсетіледі.

– Биылғы жартыжылдықта «Жанұя» орталығына 23 849 сұрақ бойынша 10 210 адам жүгінді. Атаулы әлеуметтік көмекке 7 646 адам сұрау жолдаса,  оның ішінде: 2 873 – өтініш берілген, олардың 4 773-не кеңес берілді. Көпшіліктен ажырасу, алимент өндіріп алу, әкелікті тану, мүгедек жандардың қаражатқа мұқтаждығы, жұмыс берушінің айлықты мүлдем төлемеуі, мүгедектікті алу, сондай-ақ сот органдарына және тиісті органдарға жүгінуге арыз және шағымдарды жазып беру бойынша сұраныстар көп түседі, – дейді Құралай Жанұзақова.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button