Жаңалықтар

ЖӘРМЕҢКЕ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ



Нұр-Сұлтан қаласында 21 тамыз бен 31 қазан аралығында әр сенбі және жексенбі күндері өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Олар «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда, Тұран даңғылы мен Д.Қонаев көшесінің қиылысында орналасады.

Жәрмеңкеде өңірлердегі ­тауар өндірушілердің азық-түлігі тікелей, делдалдарсыз сатылатын болады. Дәстүрлі түрде жәрмеңкені 21 тамыз күні Түркістан облысының тауар өндірушілері ашады. Түркістанның 50-ге жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі елордаға 500 тоннадан астам өнім әкеледі. Оның ішінде 99 тонна ет және ет өнімі, 75 тонна сүт өнімі, 152 тонна көкөніс, 21 тонна жеміс-жидек, 23 тонна картоп, 20 мың дана тауық жұмыртқасы, 11 тонна балық, 2 тонна бал, 31 тонна кептірілген жеміс пен түрлі консервілер, 8 тонна басқа өнімдер.

Қыркүйек және қазан айларында елордаға еліміздің түкпір-түкпірінен барлық тауар өндірушілер келеді.

Жәрмеңкелерді өткізу туралы қосымша ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан 556978, 556899 телефон нөмірлері бойынша алуға болады. Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкелерді өткізу кезінде жұртшылық санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button