ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЖӘРМЕҢКЕ ЖАЛҒАСУДА



Өткен демалыста «Қазақстан» спорт сарайы аумағында еліміздің 4 өңірінен келген тауар өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті.

Онда Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары­ның тауар өндірушілері астаналық­тарға 600 тонна азық-түлік өнімін ұсынды. Қала базарындағы бағадан 10-15 пайызға төмен баға­мен ұсынылған азық-түлік өнім­дері сапасымен де тартымды болды.

Мәселен, жылқы етінің 1 келісі – 1500 теңге, сиыр етінің 1 келісі 1250 теңге тұрады. Алып келген азық-түлік өнімінің түрлері де әртүрлі. Ет және сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер, күнбағыс майы, үн-жарма, түрлі дақылдар мен балық сияқты тағам өнімдерінің 35-тен астам түрі ұсынылды. Дәстүр бойынша қала тұрғындары мен қонақтары өңірлік шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

Келесі демалыстағы кезекті жәрмеңкеге Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік-Қазақстан және Қоста­най облыстарының тауар өнді­рушілері келеді.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button