Қала мен Сала

ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ



Астанада «Бәрі де ән шырқайды!» караоке чемпионатының екінші кезеңі өтті. Бұл кезеңде 70 үміткер үш топқа бөлініп, кинофильмдерде айтылатын әндерді орындады.

Кезең қорытындысы бойынша Жансұлу Бозанова, Жамал Жиентаева, Зинаида Крикунова, Жансая Әлиманова, Дархан Көшербаев, Дмитрий Вишневский, Қайрат Жақсыгелдинов, Әсел Төлебаева, Әйгерім Тоқшаева, Зәуре Қалдыбаева, Серік Мұқанов, Айнұр Ғафурова, Шәкизада Қарапиден және Мәдина Жәкиева бас жүлде – Астана қаласы әкімінің кубогіне бір табан жақындады.
Чемпионатқа қатысушылар енді «Жастар» сарайының жазғы алаңында 5 шілде күні өтетін жартылай финалда өнер көрсетеді. Ал жеңімпаздар 6 шілдеде ұйымдастырылатын финалда анықталады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button