Жаңалықтар

ЖАС ГИМНАСТШЫЛАР ЖЕҢІСІ



Әзірбайжан астанасы Бакуде GumKids кіші жастағы гимнастшылар арасында онлайн халықаралық турнирі өтті.

Онлайн турнирге Қазақстан, Франция, Әзербайжан және Түркия елдерінен 100-ден аса спортшы қатысты.

Байрақты бәсекеге елордадан 13 жас гимнастшы аттанды. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар топ жарып, жүлделі орындардан көрінді. Динара Ерғалиева жаттықтыратын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері жалпы есепте жетеуі – бірінші орын, төртеуі – екінші орын, екеуі үшінші орын иеленді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button