Ел тынысы

Жас шахматшыны құттықтады



Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында алтын алған 12 жасар шахматшы Сауат Нұрғалиевті Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының атынан құттықтады.

Сауат Нұрғалиев биыл қазан айының бірінші жартысында Әзербайжанда өткен шахмат олимпиадасында жас шамасы 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасында жеңімпаз атанған болатын. Осы әлемдік додада еліміздің спортшылары жалпыкомандалық есепте 4-орынды иеленді. Одан бөлек, дарынды оқушы Грузияда 12 жасқа де­йінгі балалар арасында шахматтан өткен әлем біріншілігінде де жүлдегер атанып, жоғары нәтиже көрсеткен еді. Жеңімпаз шахматшыны ел Президентінің атынан құттықтаған қала әкімі Алтай Көлгінов оған алдағы жарыстарда да жеңіс тіледі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button