ЖаңалықтарРуханият

Жас ұландар жарысты



erm_8937-asli

Назарбаев зияткерлік мектебінде «Айбын» әскери-спорттық шарасы өтті.

Бұл спорттық ойын мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, патриоттық тәрбие беру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады. Болашақ Отан қорғаушылар төзімділікке, бір-біріне көмек көрсетуге дәл осы шарада үйренеді.
Жарыс алдында мектеп директоры Мейрам Жакенов қатысушыларға «Алғашқы әскери дайындық» курсынан алған білімдерін тәжірибеде қолдануға кеңес берді.
Оқушылар 6 команда бойынша «Үздік мерген», «Автоматты бөл­шектеп жинақтаушы», «Гир көтергіш» және «Үздік капитан» атағы үшін күш сынасты. Дәстүрге айналған әскери-патриоттық шараға биыл оқушылар аса қызығушылықпен, ерекше ынтамен қатысты.
Жас ұландар дәлдеп ату, алғашқы дәрі­герлік көмек көрсету, арқан тарту бо­йынша өз мүмкіндіктерін көрсетті. Түрлі байқау барысында ең күшті де тату, икемді де шапшаң команда анықталды.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button