Елорда тынысы

Жас жауынгерлер оралды



Елорданың Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерден оралған жас жауынгерлерді салтанатты түрде қарсы алу іс-шарасын ұйымдастырды.

Пойыздың Алматыдан Астанаға келуінің өзі де ерекше болды. Перронда Қарулы күштер мен Ауған соғысы ардагерлері, «Жас сарбаз» республикалық әскери-­патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сарбаздардың ата-аналары, туыстары мен достары жиналды.

Запасқа шыққан әскери қызметшілерді әскери оркестрдің әуенімен сүйемелдеп қарсы алған теміржол бойы нағыз мерекелік алаңға айналды. Түр-тұлғасын ерекшелеп тұратын көгілдір берет киген десантшыларға балалар қызыға қарады.

– Қарулы күштердің бөлімшелерінде шымыр және жан-жақты жақсы дайындалған жастарды жинаймыз. Бұл – олардың келешегіне жақсы жолдама. Армия мектебінен өткен адамның жұмысқа орналасуда да өзіндік артықшылығы барына нық сенімдімін, – деді Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, майор Артур Қасқарауов. Ол сондай-ақ сарбаздарға сәттілік тілеп, патриот балаларды тәрбиелеген ­ата-ана­ларына алғысын білдірді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button