Қоғам

Жастар қан тапсырды



Елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы – астананың 22 денсаулық сақтау ұйымын қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз ететін кешенді мекеме. Осы орталықта Арыста болған төтенше жағдайға қатысты еріктілердің қан тапсыруы ұйымдастырылды.

Қайырымды іске мұрындық болған – қаланың белсенді жастары. Олар «Мен Арыспен біргемін!» ұранын ортаға тастап, әлеуметтік желілерде өзара пікір алмасып, осындай шешімге келді. Жастар орталықта қан тапсырып, оған төленетін 1 АЕК 0,25 пайызын – 512 теңгені Арыста болған төтенше оқиғаның салдарын қалпына келтіруге аударатынын жеткізді.
– Шәмшінің әнімен өскен жастардың арасында Арыста болған оқиғаға бейжай қалатын ешкім жоқ шығар. Кешеден бері астананың белсенді жастары хабарласып, өз әрекеттерімізді ақылдастық. Астананың бес жерінде киім-кешек, азық-түлік сияқ­ты көпшіліктің көмегін қабылдайтын орын аштық, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бақыт Жүнісбеков.
– Күн сайын 100-130 адам қан тапсыруға келіп жатады. Оның 90 пайызы – өз еркімен ақысыз атқаратындар. Бұл мәселеде тапшылық жоқ болса да, ізгі ниеттерін істерімен дәлелдеген жастардың белсенділігі қуантады, – дейді донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Эльмира Көпеева.




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button