Мәдениет

Жақсының көзі

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш ағамыздың немересі Абыл Кекілбаевпен кездесу болды.

Бұрын ауылдағы қариялар текті адамның ұрпағын көрсе «жақсының көзі ғой» деп алдынан құрақ ұшып, сыйлап жатушы еді. Мұнда қазақы дәстүр мен жақсыға деген құрмет жатыр. Бүгінде асылдың сынығы Абыл ҚР Индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігінде жауапты қызметте істейді. Еліміздегі авиация саласының дамуына үлес қосып жүрген тәжірибелі маман.
Кездесуде талапты жас замандастарына жазушы атасының өмірі мен шығармашылығы туралы салмақты ой өрбітті. Қабырғалы қаламгердің қызықты оқиғалары мен қанатты сөздерін айтып берді. Қазір Абыл атасының артындағы қалған мұрағатына бас-көз болып, оны жұршылыққа насихаттауды қолға алған. Биыл халық жазушысының туғанына 80 жыл толып отыр. Алып тұлғаның немересі осы бағытта атқарып жатқан өз жоспарымен бөлісті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button