Қоғам

Жастар сүйетін шаһар



– Мен үшін Астана, ең алдымен, шексіз мүмкіндіктер мекені және асқақ армандар мен биік мақсаттардың алтын кілті дер едім. Болашағын елордамыз Астанамен байланыстырған адамның алдынан екі бірдей есік ашылады: бірі – ғылым-білімге деген, келесісі – жаңа орта, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа идеяларға толы жарқын болашаққа деген бастау. Бұл үлкен қалада үнемі қайнаған тіршілік, айналаңда жанталасып-жағаласып жүрген бір адам, яғни бәсекелестік өте жоғары, ал бәсекелестік бар жерде ғана алға жылжуға, дамуға мүмкіндік бар.

Мен жақында ғана әсем Астанамыздың дәл ортасындағы мектеп-гимназияны «Алтын белгімен» бітірдім. Кішкентай кезімнен жан-жақты бала болдым, әрқашан өзімді барлық мүмкін салаларда сынап көруге тырыс­тым. Мен жүзумен, мәнерлеп сырғанаумен айналысамын, музыкалық аспаптардан – фортепианода ойнап, ән айтамын. Ағылшын тілін үйреніп, еріктілер қатарында екпінді болдым. Сондай-ақ тағы бір хоббиым – тігін тігу. Өсе келе мен гуманитарлық бағытқа бейім екенімді түсіндім де, мектепте гуманитарлық пәндерге байланысты олимпиадалар мен жарыстарға, эссе жазу, ғылыми жобалардан жарыстарға қатысып, жеңімпаз атандым. Әрине, менің жетістіктеріме және азамат ретінде қалыптасуыма мектебім ықпал етті, сондықтан мен Астанада мектепті бітіргеніме өте қуаныштымын, енді оқуымды әсем елордада жалғастырмақпын.

Астана – үлкен мүмкіндіктер қаласы, елордамыз жылдан-жылға көркейіп, тұрғындарына, әсіресе, ел болашағы – жастарға бұдан да көп мүмкіндіктер беретініне сенімдімін.                                                                   

Аружан ЕСЕНГЕЛДІ, Фариза Оңғарсынова

атындағы  №77 мектеп-­гимназия түлегі, «Алтын белгі» иегері




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button