ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Жастардан жасақталған сақшылар



«Қазақстан студенттері альянсы» республикалық студенттер қозғалысы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық Ішкі істер департаменті қолдауымен жастар арасында құқықтық мәдениетті көтеру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында елорданың ЖОО студенттері қатарынан құқықтық тәртіпті сақтау жасақтарын құрған болатын.

Жасақтардың міндеті – құқық қорғау органдарымен қоғамда әкімшілік тәртіпті сақтауға бағытталған рейд өткізуге ық­палдасу және халық арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша материалдарды тарату.
Қазіргі уақытта құқықтық тәртіпті сақтау жасақтары құрамында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Астана медицина университеті, ҚазАТК, политехникалық және басқару колледжінің студенттері жұмыс атқаруда және олар үшін оқыту семинар-тренингтері ұйымдастырылып, арнайы киімдер, тарату материалдары берілді.
Айта кету керек, қалалық әкімдіктің ұсынысымен жасақ жергілікті полиция қызметкерлерімен «ЭКСПО-2017» халық­аралық мамандандырылған көрмесі басталуына дейін 10 наурыз және 10 маусым аралығында қаламыздағы әкімшілік тәртіпті сақтауға бағытталған рейд өткізуге ықпалдасып, халық арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын атқарды.
Нәтижесінде Астана қаласының аудандық ішкі істер басқармасына 3000 адам жеткізіліп, 1006 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде ересек азаматтар да, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер де бар.
Жоспарға сәйкес, Астана қаласының ЖОО мен колледж студенттері арасында 20 кездесу, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында 3 спорттық іс-шара өткізілуде. Жасөспірімдерге командалық рухты көтеру үшін түрлі экскурсиялар, сенбіліктер, тимбилдингтер арнайы ұйым­дас­­тырылып тұрады. Осы уақыт аралығында студенттік топ Елбасының қатысуымен өткен көптеген шараларға қатысты.

Ілияс Түстікбаев,
«Қазақстан студенттері альянсы» РСҚ президенті




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button