Жаңалықтар

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУДА ЖАҢА ЛЕП БАР



ZAH_0630

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөніндегі консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Бұл жолғы отырысты қалалық ішкі саясат бас­қар­масы басшысының орынбасары Ақмарал Сәбитқызы кіріспе сөзбен ашты. Одан әрі Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқар­ма­сының жастар және әлеу­меттік бастамаларын қолдау бөлімінің бастығы Алпамыс Әбенов баяндама жасады. Қаладағы мемлекеттік жас­тар саясатын жүзеге асыру «Қазақстан-2020: бола­шаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжы­рымдамасында көрсетілген бағыттар негізінде жүргізіліп жатқанын айта келе, ол қазіргі кезде Астанада 253 мың жас азамат барын, олар елорда халқының жалпы санының 31 пайызын құрап отырғанын жеткізді. А.Әбеновтің ай­туынша, жастардың әлеу­меттік интеграциясы бойын­ша жергілікті бюджетпен қаржыландырылатын ма­ңызды жобаларға жастар ұйымдарын тартуға мүм­кіндік беретін механизм әзірленіп, енгізілген. Сондай-ақ, қалалық ауқымды акцияларды және әртүрлі жастар іс-шараларын өткізу жас­тар ұйымдарының сапалы және санды өсуіне ықпалын тигізуде. Егер 2011 жылы Астанада 66 жастар ұйымы болса, 2014 жылы олардың саны 79-ға жеткен. Ал, қоғамдық ұйымдардың қызметтеріне қатысатын жастардың саны 55 мың адамды, яғни, елорда жастарының 22 пайызын құрап отыр. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастардың сая­сатын қаржыландыру көлемі де өскен. Сонымен бірге, жастар бастамаларын қолдауға бағытталған бағдарламалармен қатар жас­тар қоғамдық бірлестіктерін мемлекет тарапынан қолдау әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылуда. Мысалы, осындай қолдауды мұрат еткен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 2009 жылы 51 мың теңгені құраса, 2014 жылы 98,8 млн теңгеге жет­кен. Сондай-ақ, 2013 жыл­дан бастап жастардың қо­ғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдары бірлесіп, жастардың қаты­суымен жүзден астам іс-шара өткізілген. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға тоқталған баян­дамашы алдағы уақытта жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жұмыспен қамту, құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу, жем­қорлықты болдырмау, от­басы құндылықтарын насихаттау, жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу, салауатты өмір сүру салтын насихаттау және т.б. шаралар өткізу жалғастырылатынын жеткізді. Олардың қай-қайсы да жастар саясатының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

Ағымдағы жылы аталмыш басқарма әлеуметтік тап­сырыс шеңберінде өзара ық­пал­дасу және ынтымақтасу жөніндегі тоғыз жобаны жү­зеге асырған. Бұл ретте бөлім бастығы алдағы уақытта да үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасай беретіндерін жеткізді.

Отырыс барысында бас қаладағы Денсаулық сақтау, Білім және Тілдерді дамыту  басқармалары мен Астанадағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау орталығының есебі тыңдалды. Олар мемлекеттік тапсырыс аясында жүргізілген жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндады. Бұл ретте Астана қаласы мүгедек балалар қоғамының төрайымы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында мүмкіндігі шектеулі балалардың шет қалмауын қадай айтты.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button