Жаңалықтар

«ЖАСЫЛ ЕЛГЕ» ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ



Астанада «Жасыл ел» жасағының ХVII еңбек маусымы аяқталды. Бағдарлама аясында биыл 1200 жеткіншек жұмысқа орналасып, қаланың көркеюіне өз үлесін қосты.

«2005 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауынан кейін «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы республиканың барлық өңірінде және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жүзеге аса бастады. «Жасыл ел» бастамасы – терең өмірлік мәні мен маңызы бар дүние! Жыл сайын осы бағдарламаны іске асыруға қала жастары мен студенттер, мектеп оқушылары белсенді атсалысады.

«Жасыл ел» жастар еңбек және студенттік құрылыс жасақтарының ХVII еңбек мау­сымының жабылу салтанаты өтті. 2021 жылғы сәуір айында бастау алып, 1200 жеткіншек жұмысқа орналас­тырылып, жазғы уақыттарын тиімді пайдаланып, қызметтерін аяқтады. Жылдан жылға жастар арасында танымал болып келе жатқан жоба аясында, бірінші кезекте әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын жұмысқа орналас­тыруға тырысамыз. Былтыр көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан 731 бала қызмет атқарып, биыл да 600-ден астам бала жұмыспен қамтылды. Жастарымыз жас ерекшелігіне қарай, мектеп ауласы мен саябақтар, скверлерде, сондай-ақ қаланың құрылыс компанияларында еңбек етті» деді республикалық студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының төрағасы Мұрат Мұхамеджанұлы.­
Еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсіміне жобаның серіктестері – «Астана орманы» , «Астана көгалдандыру құрылысы» , Bazis Constraction жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өкілдері қатысты.

Ал жаз мезгілінде жұмыс істеп, белсенділігімен ерекше көзге түскен жасөспірімдер «Үздік жетекші – 2021», «Үздік сарбаз – 2021», «Үздік құрылысшы – 2021», «Үздік тик-токер – 2021» номинациялары бойынша алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button