Елорда тынысы

Жасыл желек жайқалады



Қаланы көріктендіру жұмыс­тары жылдың төрт мезгілінде де тоқтаған емес, қазіргі кезде де қызу жалғасуда.

Соңғы 3 жыл ішінде «Астана-Зеленстрой» күшімен Алматы ауданы бойынша 16500 ағаш отырғызылып, 318 гектар көгал жайылды. Осыған дейінгі уақытта 21000 шаршы метр көлемді гүл композициясы жасалса, аудан аумағында жыл сайын 12000-ға дейін бір жылдық гүлдер егіледі.

Көгалдандыруда басты рөлді тарихы 1965 жылдан бастау алатын «Астана-Зеленстрой» АҚ питомнигі атқарады. Ол екі бөлімнен тұрады және жалпы ауданы 349 гектарды құрайды.

Питомник Алматы ауданында орналасқан. Мұнда қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар өседі. Барлық материал жергілікті жиналған тұқымдардан бейімделген. Ал тұқым жинаудан бастап аудан аумағында дайын ағаш отырғызуға дейінгі процестің өзі 5 жылдан 30 жылға дейін созылады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button