Сайлау-2022

Әлеуметтік бағдары басым

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Павлодар облысына ат басын бұрды. Үміткер Екібастұз қалалық ауруханасы жанындағы перзентханада жас аналармен және медицина қызметкерлерімен кездесті.

Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, ақ халатты абзал жандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. «Сайлауалды бағдарламамның әлеуметтік бағдары басым болғандықтан, онда денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінген. Әсіресе ана мен сәби өлімінің алдын алу, сирек, яғни орфандық аурулары бар балаларға көмек көрсету, денсаулық сақтау саласын дамыту басты назарда болмақ» деді ол.

Сайлаушылар Қарақат Әбденнің ұсынған бағдарламасы ана мен бала денсаулығын жақсартуға, дәрігерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді. Жиыннан кейін Қарақат Әбден перзентхананың бас дәрігерімен бірге жас аналар мен сәбилердің жағдайын білу үшін перзентхана палаталарын аралады. Үміткердің Екібастұздағы сенімді өкілі Анар Айдарханова мәлімдегендей, қалада Қ.Әбденнің сайлауалды штабы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Осы күні Қ.Әбден Павлодар қаласындағы музыка колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button