Сайлау-2022

Реформаларды орындайтын сәт келді

– Биылғы 20 қарашадағы Президенттік сайлау қорытындысы біздегі үлкен саяси науқанның маңызды кезеңі заңға сәйкес сәтті өтті деп айтуға негіз болды. Бұл сайлаудағы Қасым-Жомарт ­Кемелұлы Тоқаевтың сөзсіз жеңісі Қазақстан қоғамының алдағы уақытта бір арнада бірігуі тұрғысында зор мәнге ие.

Осы жылы маусым айында өткен референдумда ел азаматтарының 77%-дан астамы Президенттің конституциялық реформаларын қолдаған болатын. Ал енді қарашадағы сайлауда дауыс берушілердің 80%-дан көбінің оны жақтауы – Мемлекет басшысының бастамалары халық тарапынан ерекше қолдауға ие болғанының шынайы көрінісі. Осылайша сайлаушылар жоғары биліктің жүзеге асырып жатқан және жоспарлап отырған реформаларына сенетінін көрсетті.

Бүгінде елімізде қоғам мен билік Қазақстанның таяу болашақта қалай дамитыны жөнінен бір жақты жаңа, бірыңғай, әділ қоғамдық келісімге келді деп батыл сеніммен айтуға болады. Енді алда демократия дамуының тағы бір маңызды кезеңі – парламенттік және мәслихат сайлауы тұр. Бұл міндетті де абыроймен атқаратынымызға сенемін.

Қазір әлемдегі дағдарысқа байланысты әрі-бері жүретін уақыт жоқ, оң мен солымызды жинақтап, сөзден іске кірісіп, бір арнаға жұмылатын уақыт келді. Президентіміз жыл бойы, яғни 16 наурыздағы Үндеуінде, 1 қыркүйектегі Жолдауында да ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын міндеттерді көрсетіп берді. Енді соларды орындауға мүмкіндік беретін уақыт келді деп ойлаймын. Сондықтан Қазақстан халқы бірауыздан бірігіп, еліміздің жарқын болашағы үшін сол міндеттерді іске асыруға бір адамдай жұмылуымыз керек.

Назгүл МАҚЖАН, Астана қаласы бойынша Әйелдер күштері

альянсының төрайымы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button