Ел тынысы

Балалар шығармашылық ұжымдарының концерті өтті

Қазақстан халқының бірлігі күні елордалық «Жастар» сарайында «Біздің сарайдың балалары» балалар шығармашылық ұжымдарының есептік концерті өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Биыл «Жастар» сарайы 50 жылдық мерейтойын атап өтуде. Есепті концерт бағдарламасына «Ровесник» эстрадалық би халық ансамблі, «Время» би театры, «Меруерт» қазіргі заманғы би халық ансамблі, халық аспаптар үйірмесі, «Sharm models» модельдер мектебі және басқа да көптеген шығармашылық ұжымдар қатысады.

Бірінші қабаттың фойесінде сарайдың бейнелеу өнері шеберханасы – студиясының жас суретшілерінің суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мұнда армрестлинг секциясының тәрбиеленушілері өз күштері мен дағдыларын көрсеткен спорт аймағы орналасқан.

«Жастар» сарайының атынан баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтағымыз келеді. Өнер сүйер қауымға «Біздің сарайдың балалары» атты балалар шығармашылық ұжымдарының есеп беру концертін ұсынамыз. 
Бүгінде сахнада онға жуық шығармашылық ұжым өнер көрсетеді. Көрерменді қуанту үшін біз вокалдық және би нөмірлерін, театрлық эскиздерді, сән көрсетілімін, спортшылар мен скауттардың өнерін, сондай-ақ балалар суреттерінің көркемөнер көрмесін дайындадық», – деді «Жастар» сарайының PR менеджері Жанерке Баратқызы.

Екінші қабатта жас сәнгерлер жаңа киім топтамасын ұсынды. 

«Бүгінгі мереке – біздің тату-тәтті еліміздің талантты, шығармашыл адамдарды біріктіретінінің айқын көрнісі. Ал концерт пен көрме осының дәлелі. Шынында да, бұл жерде өзінің талантын көрсететін талантты жастар жиналды. Ұйымдастырушыларға осы іс – шара үшін көп рақмет», – деді астаналық Роза Исманқұлова.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button