Ел тынысы

«Бірлігі жарасқан – Қазақстан»

М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Астана қаласының мемлекеттік архиві» ММ халықтар бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» фотоқұжаттық көрмесінің ресми ашылуын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Аталған іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, түрлі этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды халықтар бірлігі күнімен құттықтады. Одан кейін сөз алған т. ғ. д., профессор, ҚР Өнер академиясының академигі, С. Сейфуллин мұражайының директоры Марат Әбсеметов Қазақстанда тұратын халықтардың көпшілігі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жер аударылғанын атап өтті. Ал Астана қаласындағы «Таң» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілі Земфира Даутова барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, бірлестіктің құрылу тарихын қысқаша айтып берді. «Вайнах» шешен-ингуш ансамблінің жетекшісі Ханифа Мациева Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстан аумағына жер аударылған шешен-ингуштардың тікелей ұрпағы екенін айтып, сол күрделі жылдар туралы естеліктермен бөлісті.
Көрме барысында «Вайнах» шешен-ингуш ансамблі көрермендер мен қонақтардың назарына «Лезгинка»биін ұсынды.
Аталған іс-шараға Көлік және коммуникация жоғары колледжінің 1 курс студенттері, БАҚ өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты.
Көрме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен аяқталды, оның аясында Қазақстанның барлық халықтары татулық пен достықта, келісім мен ынтымақтастықта өмір сүреді.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button