Ел тынысы

Дарынды оқушылар Астанаға жеңіс сыйлады

Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында өткен шараларға қатысқан елордалық дарынды оқушылар үздік нәтиже көрсетіп, Астанаға жеңіс сыйлады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астана қаласының командасы «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсында 2 күміс, 2 қола медаль иеленсе, «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңінде 1 алтын, 4 қола медаль иеленді.
Мереке қарсаңында Астана қаласындағы әль-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурс пен «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Сонымен «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсының жеңімпаздары:
ІІ орын: Карилов Сұлтан, Жамантай Әлмира, №56 мектеп-лицейі, 9 – сынып;
ІІІ орын: Еламан Ясмин, №46 мектеп-гимназиясы, 11- сынып; Ғалым Әмірхан, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-лицейі, 10-сынып.
5-8 сынып оқушылары арасындағы «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы республикалық кезеңінің жеңімпаздары:
І орын: Тастанбек Садуақас, №74 мектеп-гимназиясы, 7-сынып;
ІІІ орын: Заманбек Фарида, Ибрагим Арлен, №64 мектеп-лицейі, 7- сынып; Сабиржан Сабина, №77 мектеп-гимназиясы, 8 – сынып; Ахметқали Әділет, №38 мектеп-лицейі, 8-сынып.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button