Ел тынысы

Медициналық бұйымдарды зарарсыздандыру тақырыбында семинар өтті

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде осы аптада кезекті семинар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Семинар тақырыбы: «Орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшелерін ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау. Медициналық бұйымдарды зарарсыздандыруға, зарарсыздандыруға дейінгі тазартуға және зарарсыздандыруға қойылатын талаптар».
Бұл іс-шара СЭБД-ның ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.
Медициналық ұйымдардағы жұмыстың маңызды бөлімдерінің бірі – медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялау, зарарсыздандыру алдындағы өңдеу және зарарсыздандыру. Өйткені, медициналық манипуляциялармен байланысты инфекциялар қазіргі денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелерінің бірі боп тұр.
Стерилизация кезең-кезең процесті, заманауи әдістерді қолдануды және сапаны бақылауды қамтиды. Емдеу мекемесіндегі пациенттерге көмек көрсету сапасы да осыған байланысты.
Семинар соңында қатысушыларға қолданыстағы НҚА-ға сәйкес жауаптар берілді.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button