Ел тынысы

«Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының күтіміне қосымша қаржы сұралды

2024-2026 жылдары елордада мәдениет саласына қосымша 1 млрд 984 млн теңге қаржы бөлу көзделіп отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев мәлім етті.

Елорданың қоғамдық кеңес отырысында Астана қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

«2024 жылдарға арналған түсімдер бойынша жоспарды 105 млрд теңгеге өсімімен қайта қарау ұсынылады. Оның ішінде салық түсімдері 95 млрд теңге, салық емес түсімдер 4 млрд 789 млн теңге және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 4 млрд 940 млн теңгеге қайта қарауды қажет етеді. Шығыстар бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына мердігерлік төлемдерге, әлеуметтік төлемдерді алушылар санының ұлғаюына байланысты және мүгедек жандарды әлеуметтік қолдауға, 2400 адамға үйді жөндеуге және басқа да әлеуметтік қолдауларға жалпы сомасы 5 млрд 595 млн теңге қаражат көзделіп отыр», – деп баяндады Қайсар Маңқараев қоғамдық кеңес алдында.

Одан бөлек, басқарма басшысы Мәдениет басқармасына 2 млрд-қа жуық қаражат сұрап отыр.

«Мәдениет басқармасына мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасының күтіміне, ведомстволық бағынысты мекемелер мен мәдение ұйымдарының күрделі шығыстарына қосымша 1 млрд 984 млн теңге қаржы бөлу көзделіп отыр», – дейді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button