Ел тынысы

ШЫҰ арнайы жұмыс тобының отырысы

Астана қаласында Қазақстан Республикасының төрағалығымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сауданы оңайлату жөніндегі арнайы жұмыс тобының (СРГ) отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Отырысқа сауда рәсімдерін оңайлату саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.

Жиында Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова сөз сөйлеп, өңірлік ынтымақтастықты тереңдету, ұлттық экономиканы дамыту және бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауда сауда рәсімдерін жеңілдетудегі бірлескен күш-жігердің маңызды екенін ерекше атап өтті.

Отырыс барысында делегация басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі ағымдағы ахуал туралы хабардар етті және ШЫҰ-дағы сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі одан арғы қадамдар туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, 2023 жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен QazTrade дайындаған Сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша Қазақстанның Ұлттық баяндамасы таныстырылды. Бұл баяндама Қазақстанның ДСҰ-ға кірген кезінен бастап сыртқы сауда рәсімдерін оңайлату саласындағы прогресті көрсетеді.

Жұмыс тобының отырысы шеңберінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты мысалында сауда-логистикалық байланыстар бойынша, сондай-ақ ШЫҰ елдерінде нарықтардың кедергісіз жұмыс істеуі бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша тақырыптық сессиялар өткізілді.

Анықтама: Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 2023 жылы 66,0 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,8% – ға артық (61,8 млрд. АҚШ доллары).  Бұл ретте соңғы 5 жылда ШЫҰ елдерінің өзара саудасы 2019 жылы 336 млрд. АҚШ доллардан 2023 жылы 490 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Аймақтағы негізгі сауда серіктестері Қытай болып табылады, оның үлес салмағы барлық өзара сауданың 64,6% және Ресей (26,2%) құрайды. Қазақстанның үлесі 3,3% құрады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button