Сайлау-2022

Демократия талаптары толық сақталды

– Халықаралық байқаушы ретінде мен Қазақстанда өткен Президент сайлауына қатыстым. Бұл ретте біз алдымен, Астанадағы 11 сайлау учаскесіне бардық. Онда ешбір заң бұзушылық не тәртіп бұзушылық тіркелмеді. Сайлаушылар өз таңдауларын ашық түрде жасады. Мұнда олардың еш кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдай жасалыпты. Комиссия мүшелері сайлауға келушілермен өте сыпайы сөйлесті.

Одан кейін біз бас қаладағы Ұлттық музейде, мектептерде және басқа да орындарда болдық. Барлық жерде сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсібилігі сезілді.

Сайлау кезінде астаналықтардың көтеріңкі көңіл-күйі­не куә болдым. Бұл ретте қала тұрғындарының сайлаудағы белсенділігі мен елордалық сайлау комиссияларының үйлесімді жұмысын атап өткім келеді.

Қазақстанда өткен Президент сайлауына риза болғанымды мойындаймын. Сайлау кезінде демократиялық таңдау талаптары толық сақталды деп айта аламын. Сайлау процесінде халықаралық қағидаларға басымдық берілді. Халықтың белсенділігі өте жоғары болды. Бұл елдің болашаққа деген ұмтылысын көрсетеді.

Жалпы сайлау ойдағыдай өтті. Адамдар сайлау учаскелеріне мерекелік рухпен кіріп, өз болашағы үшін қуана дауыс беріп жатты. Барлық қазақстандықтарға денсаулық пен табыс тілеймін.

Александра ПЕРМИНОВА,

Ресей Ғылым Академиясының Қытай және қазіргі Азия институтының ғылыми қызметкері

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button