Сайлау-2022

Халық таңдауы – әділдік

– Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткенге дейін үгіт-насихат жұмыстары жүргізілгенде, ең әуелі халқымыз бен еліміздің ауызбіршілігі байқалды. Әрине, бұл қуантарлық жайт. Халық Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның бастамаларын, реформаларын, ойларын қолдайтындықтан, әрі оған сенгендіктен еліміздің әр өңірінде ауызбіршілігімен ерекшеленіп тұрды. Қоғамның тұтастығы болмаса, жасанды түрде жасалған жұмыстың құны жоқ. Бірлік болмаған жерде ешқандай саясат жүрмейді. Халқымыз Президентке таңдау жасағанда, жай ғана жеке тұлғаға дауыс берген жоқ. Мемлекет басшысының атқарған жұмысы бірінші кезекте тұрды. Көпшілік Әділетті Қазақстанды, өзгеріс­терді таңдады деп ойлаймын. Әсіресе жастардың саяси санасы өскен, белсенділігі де жоғары. Жас адамның сағын сындыратын – әділетсіздік болған жерде кейінгі ұрпақ еш бағдарламаға, еш реформаға сенбейді. Сол себептен де олар әділеттілікке дауыс берді. Қазіргі күрделі гео­саяси жағдайда халықаралық кездесулер өткізіп, дипломатиялық көрегендігін көрсетіп жүрген Президенттің сарабдал саясаткер екені сөзсіз. Халық та тәжірибесі бар басшының қажеттілігін мойындады. Соңғы 3 жылда Қазақстанның саяси құрылымын жан-жақты реформалаудың бастамасы болған негізгі шешімдер тез арада қабылданды. Облыстардың шекарасы айқындалып, инфрақұрылымы дамыды. Бүгінгі таңда Қ.Тоқаевтың дипломатия­сы мен интеллектуалдылығы бізге қиын кезеңде келіссөздер жүргізуге және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Алғашқы жылдары жүргізілген жұмыстар келер жылдары да нәтижесін көрсетеді.

Жас азамат ретінде өз басым ұсынылып отырған реформалардың қай-қайсысы да жастарға да әсер етеді деп білемін. Жастар үшін саяси тұрақтылық, білім алуға, жұмыс істеуге тең мүмкіншілік қажет. Бұл жолда жастардың да үлесі болуы маңызды. Әділдікті ұйысқан қоғам ғана орнатады.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, «Qazaqstan Team» республикалық жастар

қоғамдық бірлестігінің жетекшісі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button