Ел тынысы

Университет түлектеріне дәріс оқыды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Мақсұт Нәрікбаев университетінің түлектеріне еңбек заңнамасы туралы дәріс оқыды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мақсұт Нәрікбаев университетінде өткен «Бос орындар жәрмеңкесіне» Қазақстан Республикасындағы АҚЖУ кеңсесі өкілдері де қатысты.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – университет түлектерін жұмысқа орналастыруды жеңілдетуге бағытталған іс-шара.

Жәрмеңке барысында Мақсұт Нәрікбаев университетінің түлектерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізіліп, кеңсе өкілдері Уәкіл мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың (ҰҚО) өкілеттіктері туралы айтты. Сонымен қатар, мамандар мемлекеттік қызметке кіру тәртібін реттейтін еңбек заңнамасы мен заңнама талаптарын, білім беру саласындағы құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктерді сақтау мәселелерін, білім беру нысанын таңдау құқығын, азаматтарға, соның ішінде шетел азаматтарына жоғары білім алу кепілдіктерін түсіндірді.

Айта кету керек, шараға Мақсұт Нәрікбаев университетінің 67 оқытушысы мен 123 түлегі қатысты. Кездесу Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі жүзеге асырып жатқан халықты құқықтық тәрбиелеу жөніндегі бірлескен жоба аясында өтті.

Азаматтарды құқықтық тәрбиелеу – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Жыл басынан бері бұл бағытта 43 мыңнан астам адамды қамтыған 100-ден астам кездесулер, дәрістер, кеңестер және басқа да шаралар өткізілсе, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге жоғары.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button