Жаңалықтар

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКПЕН КӨМКЕРІЛЕДІ



Бас қалада күзгі көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Биылға жоспарланған 1 миллионға жуық жасыл желектің 800 мыңы қала сыртындағы орман алқаптарына, ал қалған 200 мыңы қала ішінде отырғызылады.

Бұл ретте бас қаладағы 4 аудан бойынша 600-ден астам қызметкер, олардан бөлек арнайы мамандар да осы мақсатқа жұмылдырылған. Әсіресе «Астана-Көгалдандыру Құрылыс» ЖШС-нің жұмысшылары жасыл желек отырғызудан бөлек, оны қырқу, тазалау, суару жұмыстарын түгел атқарып жүр. Көше бойында отырғызылған гүлдер арнайы жылыжайда бапталады. Сондай-ақ онда көптеген декоротивтік бұталар мен ағаштар өсіріледі.

Мамандардың айтуынша, қаланың гүлденуін күздің қара суығына дейін сақтап тұру үшін арнайы көпжылдық гүл көшеттері отырғызылған.

«Былтырғы жылмен салыс­тырғанда биыл бір жылдық гүл көшеттері біршама аз. Себебі орнына көпжылдық гүл көшеттері отырғызылып жатыр. Бұл елордамызда ерте көктемнен бастап, күрең күзге дейін гүлдер жайқалып тұрады дегенді білдіреді. Осы жұмыстардың бәрі қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін жасалып жатыр» деді «Астана-Көгалдандыру Құрылыс» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Нұрғазы Үсен.
Мекеме қызметкерлері осы күзде де қызғалдақтар егуді жоспарлап қойған. Ол келесі жылдың көктемінде бүршік жарады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button