Әлеумет

ЖАУЖҮРЕК МЫҢ БАЛА



Бозбалаларды әскери-патриоттық бағытта тәр­бие­леу мақсатында елордада орналасқан №68655 әскери бөлімінде «Жаужүрек мың бала» әскери-патриоттық ойындар ұйымдастырылды.

Қалалық Жастар саясаты мә­селелері басқармасының ұйыт­­қысымен өткен ойынға 18 команда қатысты. Астаналық жо­ғары оқу орындары, колледж бен мектеп құрама командалары 8 сайыстан сүрінбей өтті. Жігіттер әскери эстафета мен кросқа қатысып, жартылай автоматты винтовкадан оқ атты. «АК» автоматын бөлшектеп, кейін оны қайта жинады. Қанатты өткел арқылы бөгеттен, ал бөгет астынан еңбектеп қақпанға өтті. Ең мықтылары гранатаны нысанаға лақтырып, бөгет жолына дейін жетті.
Әскери-патриоттық ойындардың жеңімпаздарын басқарма басшысы Асхат Оралов ма­ра­паттады. Ойын қорытындысы бойынша I орын иегері Қазақстан технология және бизнес университеті, II орын – кәсіби-техникалық колледж, ал III орын политехникалық колледжге бұйырды. Одан бөлек, 8 байқаудың әрқайсысынан үздік атанған сарбаз бағалы сыйлық­тармен марапатталды.


Жастар саясаты мәселелері бас­қармасының басшысы Асхат Ораловтың пікірінше, әскери жарыстардың жастардың патриоттық рухын оятудағы рөлі зор.

Гүлдана Талғатқызы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button