Қала мен Сала

Жаяу жүргіншілер жолы жөнделуде



Қала көшелерінде демалуға арналған орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жөнделуде. Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев мәлім етті.

Елордадағы Достық, Қонаев көшелері, Мәңгілік ел даңғылы алаңындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды абаттандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.

– Қозғалыс мүмкіндігі шектеу­лі адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, кеңейтілген пандустарды салып жатырмыз. Есілдің сол жағалауындағы Дос­тық, Қонаев көшелері мен Мәңгілік ел даңғылы – Астанадағы адам ең көп жүретін жерлердің бірі. Бұл ауданда мыңдаған тұрғын бар, олардың барлығы дерлік жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен күніне бірнеше рет өтеді. Сондықтан осы маңда жүргізіліп жатқан жұмыстың кешігуіне жол бермеу туралы тапсырма бердім. Кейбір жерлерді әлі де түзету қажет. Жұмыстың сапасына басты мән береміз. Сондай-ақ, бұл көшелерде тұрғындардың тынығып, демалуына арналған орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнатуды да жоспарлап отырмыз, – деді аудан әкімі.

Қыркүйек айында Есіл ауда­нында №96 мектеп ашылады. Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының жобасы бойынша №28/5 көше жағынан кіреберіс кеңейіп, жарықтандыру бағандары жылжытылады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button