Туризм

Жастар лагерьде жүр

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдас­тыруымен бас қала жастары «Жастар жолы» жастар лагеріне барып, демалып қайтты. Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының маңында орналасқан «Greenwood» демалыс базасында өткен екі күндік шара барысында ойын-сауық және танымдық бағдарлама ұсынылды.

Көшбасшылық дағдыларды, кәсіби құзыреттіліктерді және басқа да маңыз­ды дағдыларды дамытуға бағытталған тренингтер мен дәрістер барысында арнайы шақырылған сарапшылар Мақсат Жақауов, Жандос Кәрінбаев және Бауыржан Айткәрімов құнды әрі пайдалы ақпаратпен бөлісті. Қатысушылар өзара ән байқауында өз бақтарын сынап, вокалдық өнерлерін көрсетті. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Бос уақыттарында жастар бір-бірімен әңгіме-дүкен құрып, бассейнде жүзіп, орманда серуендеді. Күн батқасын қатысушылар алаудың жанында жиналып, гитарамен сүйікті әндерін шырқады. Бурабайдағы тарих пен сырға толы Абылай хан алаңында серуендеді. Қатысушылар ұйымдас­тырушыларға тағылымы мол шара үшін алғысын жеткізіп, ерекше әсер мен жағымды эмоция­лар алғанын атап өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button