Шаһар шежіресі

Жазушылар – егін алқабында



Социалистік Еңбек Ері, тракторшы неміс қызы Наталья Геллерт кезінде тек Қазақстанға ғана емес, Кеңес Одағы көлеміне де кеңінен танылды.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келіп, қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан ол Целиноград облысы Қорғалжын ауданының Амангелді совхозында «К-700» темір тұлпарын тізгіндеп, отыз жылға тарта еңбек етті. Өмірін егіс даласымен байланыстырған қаршадай қыздың адал еңбектің арқасында абыройы асты, даңқы артты. Кеудесіне «Алтын жұлдыз» қадады.

Наталья Владимировнаның Отан алдындағы еңбегі ескеріліп, 1979 жылы алғаш рет Ленин орденін алғанда, оны «Әйел шырағы», «Қазбауыр бұлттар», «Сезім патшалығы», тағы да басқа прозалық кітаптарымен көпшілікке танымал, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Шәрбану Құмарова мен жазушы Мәди Хасенов іздеп барып, құттықтапты.

Мәди Хасенов – Көкшетау облысы Зеренді ауданының тумасы. «Алғашқы ән», «Тұлпардың дүбірі», «Қайнар бұлақ» және басқа да көптеген кітабы жарық көрген. Ұзақ жылдар баспасөз саласында жемісті еңбек етті. Қаламы қарымды журналист.

Суретте: солдан оңға қарай жазушы Мәди Хасенов, Наталья Геллерт және жазушы Шәрбану Құмарова егіс даласындағы қосын басында.

Ғазиза ИСАХАН

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button