Жаңалықтар

Жазылған жайдың жаңғырығы



Той кемімей, ой көбеймейді

Көктем ҚАРҚЫН
№ 70 (4194), 17 маусым, 2021

Бауыржан
ШАБАЛОВ:

– Қытаймен шекаралас жатқан аудандардан халық қопарыла көшіп жатыр. Қазір Тарбағатай, Күршім, Қатонқарағай аудандары кеңес заманындағы тұрғылықты халқының үштен екісінен айырылды. Шекара жалаңаш қалды. Бос жатқан жерге көз алартатын «айдаһар» көршің ол бар. Қалған қазақты бес-алты қалаға жиып алып қалай жан сақтамақшысыңдар? Біздің мемлекетіміздің экономикалық, өндірістік жағдайын біліп отырсыңдар. Экономикадағы диверсификация деген бізде атымен жоқ. Аштық сонда басталады. Урбанизация болу үшін дамыған өндіріс, мықты банк системасы болуы керек, ал біздегі банктер мемлекеттен көмек сұрап қана тірлік етіп отыр. Олар тек өз құлқынын қамын ғана ойлайды. Ал халықтың біраз бөлігі қайыршының күнін көріп отыр. Ауылда тым болмаса бақшасын егіп, ешкісін сауса да жан сақтайды ғой. Басқа елдерде қосымша өндірістер болса, бізде халықты ұстап тұрған – мектептер. Мектеп жабылса, халық босып кетеді. Бұл – жан-жақты ойланып шешілетін жағдай.

———————————————————————————

Есімін жаңғыртқан жөн

Еркін ДӘУЕШҰЛЫ
№ 80 (4204), 10 шілде, 2021

Жадыра
ШАМҰРАТОВА:

– Байырғы журналист Еркін Дәуешұлы ағамыз мақаласында Әлімхан Ермеков атын жоғары оқу орнына беру туралы ұсыныс көтеріп отыр. Өте орынды ұсыныс.

———————————————————————————

«Үркердегі» емхана үлкейе ме?

Аманғали ҚАЛЖАНОВ
№ 80 (4204), 10 шілде, 2021

Мәдина
АБДИЛЬМАНОВА:

– Шағын аудан халықтың саны жағынан жақсы және қарқынды дамып келеді, бірақ, әрине, бір мектеп пен аурухана жеткіліксіз. Олар келесі жылы тағы пайда болады деп үміттенеміз.

 

——————————————————————————–

Қазақтың тойы «қылмысқа» айналмасын

Айгүл УАЙСОВА
№ 93 (4217), 11 тамыз, 2021

Шолпан
СҮЛЕЙМЕНОВА:

– Ақылға сыймайтын тірлік қой тойды бұзу. Бұл бір отбасының қызығын бүлдіруден басқа дәнеңе емес. Қазақ құмырсқаның илеуін бұзбаған, қазір тойды бұзу хитке айналды. Бір отбасының көптен күткен тойына тосқауыл қойғанша, басқаша жол табуға болар еді ғой, мысалы, арақашықтық сақтау, дастарқанға бір орын тастап отырғызу сияқты әдістерді неге қолданбасқа?!

Шәмелхан
БҰХАТХАН:

– Өте дұрыс! Тойды күндіз, ашық жерде, далада өткізу керек! Немереңіз үйленсе, карантин бітсін деп қарап отырмай бәрібір өткізесіз. Бұрынғыдай мың адам шақырмай, жүз адамды Ashyq арқылы кіргізіп, жақсылап өткізу керек. Қазақ торқалы той мен топырақты өлімде бас қосқан.

Қали
АБИБУЛЛАЕВ:

– Өте орынды. Өйткені той – халықтың қазынасы. Өкінішке қарай, қазір тойға ғана тосқауыл қойып жатыр. Базарға барсаң, вокзалға барсаң қаптаған адам, қалың адам бір есіктен кіріп, бір есіктен шығып жүр. Сонда ол жерлерде вирус жоқ па? Түсініксіз, әлде бұл тойда ғана тарайтын вирус па?

Бауыржан
БЕЛГІБАЕВ:

Дұрыс пікір, орынды. Бірақ құзырлы органдар бұл мәселемен айналыса қоя ма екен?

Айзада
МАМАЕВНА:

– Шынымен де, Айгүл өте орынды мәселе көтеріп отыр. «Алтын орда» базарына бара қалсаң, қайнаған халық, маска таққаны да бар, тақпағаны да бар, соған қарап ол жерде вирус жоқ сияқты деп ойлайсың елге қарап. Ал тойды шектейді, бұл енді ойланатын мәселе, шынында.

Қалдыгүл
АЛТЫНБЕКОВА:

– Дұрыс айтасың, өмір тоқтап қалмайды, жастар үйленуі керек…

Нәзира
КАМБИЛХАН:

– Біздің кезімізде той аулада, ашық жерде болатын. Күзде палаткамен төбені жауып қоятын. Қазір де тойды салай өткізуге болады, неге болмасқа?!

———————————————————————————

Ағартушы ағылшынша сөйледі

Айгүл Уайсова
96 (4220), 17 тамыз, 2021

Meiram
IMANBAYEV:

– Абылай ханның бар қазақты билегені және жоңғарларды жеңгені – таласты тақырып.

Madi Aiymbetov:

– Бұл үшін Абылай ақ киізге отырғызылып хан көтерілген 1771 жылға дейінгі Әбілқайыр хандығының тарихын объективті түрде талдау керек!

———————————————————————————

Көкталдықтар қуанған күн

Аманғали ҚАЛЖАНОВ
№ 79 (4203), 8 шілде, 2021

Әсем
ШАПАЙ:

– Иә, Көктал жылдан-жылға құлпырып, дамып жатыр. Тұрғын үйлер газбен толық қамтамасыз етілуде. Көктал-2 мектебіміз үлкен, балабақшалар (жекеменшік болса да) бағасы қолжетімді, шағын болса да саябағымыз бар, емханамыз жаңа, көшелеріміз қыста қардан, жазда су шашуды уақытында орындап отырады. Таза әрі әдемі ауданның тұрғыны (квартиранты) болғанымызға 2 жыл… Біздің сүйікті районымыз.

Гүлмира
АЙМАҒАНБЕТ:

– Көкталда ашылған саябақтар, скверлер мен спорт алаңдары расымен көңіл қуантады. Шеткері аймақ деп шет қалмағаны ұнайды.

Жаңыл
ШАҒАДАТОВА:

– Көкталдың тазалығы, негізі, сол жақ жағалаудан да артық. Жуырда барып таңғалдым.

———————————————————————————


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button