ЖаңалықтарҚұқық

Жемқорлыққа кім жақын?



Нұр-Сұлтанда сыбайлас жемқорлықты жең ұшынан жалғастыруға жақын салалар белгілі болды. Әсіресе, пара алу дерегі бойынша көш басын құқық қорғау орындары бастап тұр.

[smartslider3 slider=813]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Шыңғыс Қабдула өткізген брифингте жыл басынан бері 95 қылмыс тіркелгені айтылды. Оның ішінде үшеуі аса ауыр, 48-і ауыр және 61-і – сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар.

Ал салаға қарай сипаттасақ, тіркелген қылмыстар басында 28 жағдаймен құқық қорғау орындарының қызметкерлері тұр. Мұнан кейін 10 фактімен денсаулық сақтау саласы. Энергетика саласы бойынша – 8, құрылыс саласы бойынша 6 жағдай тіркелген.

Барлығы 47 адам қылмыстық жауап­кершілікке тартылды, оның ішінде 3 республикалық және 2 қалалық деңгейдегі басшылық қызметтегі азаматтар бар, – деді брифинг барысында Ш.Қабдула.

Жемқорлыққа жақын тізімде білім беру саласы да бар. Осы жылы департамент қызметкерлері бір миллиард теңге мөлшерінде қаржы жымқыру әрекетінің жолын кескен. «Пандемия кезінде балаларды қашықтан оқытуға арналған 22 мың 650 планшетті жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында миллиард теңге көлемінде қаражат жымқыру фактілері анықталды. Залал толық көлемде өтелді. Білім және ғылым министрлігіне қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді» деді брифинг барысында департамент басшысы.

Он ай ішінде тіркелген сыбайлас жемқорлық деректеріне қатысты қылмыстардың 40 пайыздан астамы мемлекеттік органдарға тиесілі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button