Әлеумет

Жемқорлықтың алдын алу керек



Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы ел болып жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті айқындады. Президент белгілеген міндеттер табысты даму үшін трансформация қажет ететін негізгі бағыттарды қамтиды.

Мемлекеттік саясат басымдықтарының бірі – заңның үстемдігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Осы орайда Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шарасының жалғасатынын атап өтті. Ол сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды қорытындылады.
Елбасының Жолдауы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бо­йынша департаменті біздің қо­ғамымыз­дағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді.
Осылайша, 2017 жылы елордада 700 мыңнан астам тұрғындарды қамтитын 735 алдын алу шарасын өткіздік. «Парасыз болашаққа, бірге» іс-шарасы сәтті өтті. Соның нәтижесінде 640 мобильді топтың сапары жасалды, оның барысында 200 мыңнан астам адам және 329 еңбек ұжымдары қамтылды, 136 азаматқа жеке мәселелер бо­йынша кездесу өткізілді.
Астана қаласы халқының сы­байлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында елорданың әкім аппаратымен бірлесе жемқорлықпен күреске арналған 155 баннер орнатылды, 100 мыңнан астам плакаттар мен жадынамалар таратылды, коммуналдық тө­лем­дермен бірге 720000 флаер­лер жолданды, теміржол касса­-ларында 10 мың билеттер са­тыл­ған уақытта сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы флаерлер қо­сымша бірге таратылды.
Жүйелі түрде БАҚ-та сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жарияланымдар бар: теледидар, радио және әлеуметтік желілерде 2134 жарияланған.
Департамент қызметкерлері «жолдарда сыбайлас жемқорлықты жою үшін 10 қадам» жобасын жүзеге асырды. Біз­дің ұсыныс бойынша инспекторлар мен жүргізушілердің тікелей байланысын азайту мақсатында көліктік бақылау «Қызылжар» постының ғимараттары қайта құрылды. Қызметтік автокөлік құ­рал­дарын жұмыс­тан тыс уа­қытта анықтау үшін рейд ұйымдас­тырылды, соның нәти­жесінде 9 мемлекеттік органда, атап айт­қанда, Әділет департа­мен­тінде, Экология департамен­тінде, ШЖҚ МКК «Дәрі-дәр­мектерді сараптау ұлттық орталығы» және т.б. қыз­­меткерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Біздің жұмысымыздың ма­ңыз­ды бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сырт­қы талдау болып табылады. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алулар мониторингінің қорытындысы бойынша сатып алу бағасының артуын анықтау үшін 652 млн теңгеге 6 тендер өткізуге жол бермеді. Сонымен бірге, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсауды болдырмау сомасы 245 млн теңгені құрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары белсенді түрде жалғасады.

Асқар РАХМАТУЛИН,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button