Ел тынысы

Жеңіс тұғырында – жасөспірімдер



Бокстан жасөспірімдер арасындағы Астана қаласының чемпионатында 150 боксшы қолғап түйістірді.

Астана қаласы әкімдігінің «№3 Олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебі» мекемесінің ұйым­дастыруымен өткен чем­пионат­та 14 салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

«2008-2009 жылғы жас­өспірімдер арасында өткен бұл жарыста Астана қаласының чемпиондары ғана анықталып қоймай, алдағы уақытта Қазақстан біріншілігінде елордамыздың намысын қорғайтын боксшылар іріктелді. Турнир барысында жүйелі жаттығулар мен бапкерлердің жұмыс нәтижесі көрінді деп ойлаймын. Бүгін жеңіс тұғырынан көрінген жасөспірім боксшылар алдағы уақытта халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайтын спортшылар болады деп сеніммен қараймыз» деді жарысты қорытындылаған Астана қаласының «№3 ­ОРМБЖСМ» мекемесінің директоры ­Мақсат Қадырбаев.

Жарыс жүлдегерлерін бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Нұржан Кәрімжанов, Бақытжан Қожабеков, Нұржігіт Дәулетов, Ердәулет Рахметов, АИБА төрешісі, Ауғанстан соғысының ардагері Ерболат Ашимов, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Жанат Манашев, Асқар Еркебаев, Нұржан Насанов және басқа да белгілі спортшылар жеңісімен құттықтап, мерейін өсірді.

«Толқын» спорт кешенінде төрт күн бойы өткен тартысты жекпе-жектің қорытындысында мына боксшылар жеңіске жетті: 44 келіде – Ерасыл Маратов, 46 келіде – Сағындық Есенбек, 48 келіде – Мират Теміржанов, 50 келіде – Ернұр Ониртаев, 52 келіде – Әли Жұмагерей, 54 келіде – Иманғали Қайратұлы, 57 келіде – Хантемір Темірхан, 60 келіде – Бекзат Қанат, 63 келіде – Ернұр Дүйсенбай, 66 келіде – Бауыржан Амантай, 70 келіде – Әмір Берік, 75 келіде – Нұрасыл Төребекұлы, 80 келіде – Абдрахман Сейтқали, +80 келіде – Икрам Мусаев.

 

 


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button