Ел тынысы

Жүлдегерлер елге оралды



IV Азия Пара ойынында пара дзюдодан алтын медаль алғандарды әуежайдан туған-туыс­тары мен жанкүйерлері күтіп алды.

 Қытайдың Ханчжоу қаласында байрағы көтерілген
Пара Азиадада 20-ға жуық отандық  пара дзюдошы өнер көрсетіп, 3 алтын, 4 күміс және 7 қола жүлдеге ие болды.

Әлем және Азия чемпионатының жеңімпазы Ақмарал Науатбек ел дзюдошылары арасында тұңғыш болып Азия Пара ойынының чемпионы атанды. Сондай-ақ J1 санатындағы Ерғали Шамей 73 келіде қарсылас шақ келтірмеді. Ал Асылан Нұрдәулетов күміс жүлдеге қол созса, Бауыржан Арыстанбековке қола медаль бұйырды.

– Соңғы жылдары пара дзюдода бәсекелестік күшейіп, спортшылардың деңгейі өсті. Қытай, Өзбекстан, Жапония, Иран дзюдошылары оңай шағылатын жаңғақ емес. Жалпы Азия Пара ойындарында чемпион болу оңай болмады. Әсіресе алаң қожайынымен өткен финалдық белдесу тартысты өтті. Бастапқы секундтарда ауырту әдісіне түсіп қалсам да, дер кезінде шықтым. Енді алда Жапонияда өтетін гран-при турниріне қатысып, Париж Паралимпиадасында топ жару үшін жаттығамын, – деді Ақмарал Науатбек.

Пара дзюдодан ұлттық құрама командасы Азия Пара ойын­дарында медальдік есепте 2-орынға орнықты. Бірінші орында 5 алтын, 2 қола және
4 күміс медальмен Қытай көрінсе, үшінші орынға 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль­мен Иран тұрақтады.

 


Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button