Жаңалықтар

Жұмыс уақыты ұзартылды



Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «қою қызыл» аймақтарда 9 тамыздан бастап «Ashyq көшбасшысы» мәртебесі бар нысандарға сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жүйесіндегі басқа нысандарға сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілетінін жариялады.

Бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысында Ashyq жүйесіндегі сауда-ойын-сауық орталықтары «жасыл» және «сары» аймақтарда шектеусіз жұмыс режиміне жіберілсе, «қызыл» аймақтарда сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген болатын. Ал «қою қызыл» аймақта сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілген еді.

Ендігі шешім бойынша аталған нысандардың жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылып отыр. Комитет жариялаған мәліметте 2 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында «қою қызыл» статусқа сай шектеу шаралары енгізілгені айтылған. «№33 БМСДҚ-ның 11-тармағына сәйкес тиісті аумақтағы көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер Ashyq жобасын іске асыру мәселелері бойынша аталмыш қаулыны басшылыққа алады және «жасыл», «сары», «қою қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатыс­ты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы емес» – деп жазылған ресми ақпаратта. «Қою қызыл» аймақ статусы бір апта инфекциялық төсектердің жүктелім көрсеткіші 70 пайыздан асқан және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған өңірлерге беріледі.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button