ІС ЖҮРГІЗУ ТҮЙТКІЛДЕРІ ТАРАЗЫЛАНДЫ
Кеше «Іскер» бизнес орталығында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы мен «Руханият» орталығы мемлекеттік мекеме іс жүргізушілеріне арналған «Мемлекеттік тіл: құжат айналымы және термин мәселелері» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілде жүргізілетін ісқағаздарды біріздендіру, қазақ тіліндегі құжаттардың сапасын арттыру, осы тараптағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында өткізілген шарада Астана қаласы Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы Алма Шоқаева баяндама жасады. «Мемлекеттік тілде іс жүргізудің мәселелері» және «Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері» атты екі тақырыпты сөзіне өзек етіп алған баяндамашы осы тарапта сөйледі. Құжаттар сақтауға дейін қандай жолдан өтетінін және оларды әзірлеу қандай заңдар мен ережелерге сәйкес жүргізілетінін тәптіштеп түсіндірген ол қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Соңында мемлекеттік мекеме іс жүргізушілеріне сертификаттар тапсырылды.
Аманғали ШМИТҰЛЫ