Ел тынысы

Жыл үздігін анықтайды



2023 жылғы 15 сәуірде «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталады.

Конкурстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату және қызметшілерді ынталандыру.

Конкурсқа қатысуға кемінде үш жыл мінсіз мемлекеттік қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша қатыса алады

Конкурсқа қатысу үшін 15-30 сәуір аралығында департаменттің elgeqyzmet.astana@mail.ru электронды поштасына төмендегі құжаттар тізбесін жолдау қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы мемлекеттік органның ұсынымы;

2) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі.

Конкурстың І кезеңі өңірлік (облыстық) деңгейде өтеді. Бірінші кезеңге қатысушыларды іріктеуді өңірлік конкурстың комиссия жүргізеді. Өңірлік конкурстың комиссия агенттіктің аумақтық департаменттері жанынан құрылады. Комиссия құрамы қоғамдық бірлестіктердің, өкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ мемлекеттік органдардың басшыларынан және басқа да тұлғалардың өкілдерін қамтиды.

Өңірлік кезеңнен үздік шыққан 2 үміткер конкурстың ІІ кезеңі – республикалық деңгейге жолдама алады. Республикалық комиссия қатысушылардың презентациясын тыңдау мақсатында 2023 жылы 2 маусымға дейін кандидаттармен әңгімелесу өткізеді. Презентация қорытындысы бойынша республикалық комиссия онлайн дауыс беруге жолдау үшін ұсыныстарды іріктейді.

Онлайн дауыс беру агенттіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жүргізіледі және оған республиканың барлық азаматы қатыса алады.

Республикалық комиссияның қорытынды отырысында конкурс жеңімпаздары айқындалатын конкурс нәтижелері туралы шешім қабылдайды.

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшісі күні мерекесіне орай марапатталады.

Барлық сұрақтар бойынша 24- 89-26, 24-88-31 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Астана қаласы бойынша департаменті




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button