Елорда тынысы

Карталар галереясы ашылды

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Еуразия ұлттық университетінде XV-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің ежелгі еуропалық және америкалық карталарының галереясы ашылды.

Галереяда XV-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің ежелгі еуропалық және америкалық карталарының 100 көшірмесі ұсынылған. Оның ашылу салтанатына Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки, ғылыми қауымдастық өкілдері және студенттер қатысты.

Іс-шараның ашылуы барысында университет ректоры оқу ордасының ғылым мен білімнің орталығы, бүкіл қала үшін ашық ғылыми-білім беру кеңістігі екенін атап өтті. Профессор-оқытушылар құрамы ғана емес, сондай-ақ елорданың жас ғалымдары мен оқушылары да профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен таныса алады.

Галереяның ашылуы аясында ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров  арнайы дәріс өткізді. Профессор 17 жылдан астам Еуропаның ұлттық және корольдік мұрағаттарында, кітапханалары мен мұражайларында, картографиялық орталықтарда және АҚШ кітапханаларында зерттеу жұмысын жүргізді. «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. Қазақ мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ мемлекеті. Атлас» атты кітабына табылған 1500 көне картаның 130-ы енгізілген. Жинақ 3 тілде дайындалып, Қазақстанда ғана емес, шетелде де таныстырылған.

Табылған және зерттелген карталар мен деректер 2022 жылы Қазақстан тарихының жаңа іргелі 5 томдық басылымына енген. Онда ЕҰУ профессоры Қазақ мемлекетінің ежелгі карталарына байланысты екі авторлық бөлімді дайындады

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button